Облыс губернаторы өңірде 60-тан астам ұшқышсыз аппараттың жойылғанын айтты
Дрондар шабуылы: Ресейдің солтүстік-батысында кеме айлағы нысанаға алынды
151
оқылды

Ресейдің Ленинград облысында түнде бірнеше ондаған дрон шабуыл жасағаны хабарланды. Негізгі нысана – Приморск қаласындағы теңіз порты болған. Жергілікті билік мәліметінше, соққыдан кейін порт аумағында өрт шығып, кейін толық сөндірілген.

Облыс губернаторы Александр Дрозденко өңірде 60-тан астам ұшқышсыз аппараттың жойылғанын айтты. Оның сөзінше, шабуыл кезінде мұнай төгілу дерегі тіркелмеген.

Сонымен қатар бірқатар дереккөздер портта әуе қорғаныс жүйесінің элементтері, соның ішінде «Панцирь» кешені зақымданғанын жазды. NASA-ның FIRMS жүйесі де порт аумағында өрт ошақтарын тіркеген. Приморск пен Усть-Луга порттары Ресей мұнай экспортының негізгі бөлігі өтетін стратегиялық нысандар саналады.