Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының құбылмалы сипаты сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін, – деп хабарлайды Аikyn.kz "Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес.
5 мамырда елдің солтүстігінде, 6-7 мамырда батысында қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша батыс өңірлерде түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады.
Республика аумағында ауа температурасының аздаған ауытқуы күтіледі. Елдің оңтүстігінде күндіз температура +22…+32°C-тан +27…+36°C-қа дейін көтеріледі, ал оңтүстік-шығыста +15…+30°C-тан +20…+35°C-қа дейін жоғарылайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.
