Ол әпкесімен бірге өткізген күндерді еске алды.
Мадина Ералиеваның сіңлісі әсерлі жазба жариялады
103
оқылды

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Мадина Ералиеваның сіңлісі Сағира Ералиева әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол әпкесімен бірге өткізген күндерді еске алды. Сонымен қатар жазбасында әншінің Франциядан гастрольдік сапардан оралған сәті туралы сыр шертті.

«Бұл – естелік сурет. Мадинаш Франциядан гастрольден келген күн еді. Арсен екеуміз әкелген сыйлықтардан бұрын, оның аман-есен жеткеніне қатты қуанғанбыз. Біз үшін әкеміз де, анамыз да, бар байлығымыз Мадинаш болатын», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары әнші туралы жылы естеліктерін бөлісті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.