Қазақстан СІМ-де Жапония парламентінің депутаттарымен кездесу өтті.
Қазақстан мен Жапония ынтымақтастықты одан әрі арттырады
Фото: gov.kz
99
оқылды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Жапония парламенті Өкілдер палатасының депутаттарымен, оның ішінде Жапония сыртқы істер министрлігінің парламенттік вице-министрі Арфия Эри және Либералды-демократиялық партиясы Халықаралық бюросының төрағасы Таро Кономен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Келіссөздер барысында қазақ-жапон ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың басым бағыттары, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Көлік-логистика, экология салаларындағы өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ сирек жер металдары, цифрландыру және озық технологиялар бағыттарындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде көпжақты алаңдардағы күш-жігерді үйлестіру жөнінде пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар тұрақты диалогты қолдауға және өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.