Өскеменде өндіріс орнында өрт шығып, жарылыс болды.
Өскемендегі «Қазцинк» зауытында болған жарылыстан екі адам қаза тапты
93
оқылды

«Қазцинк» зауыты аумағындағы шаң ұстау цехында газ-ауа қоспасы жарылып, ғимараттың бір бөлігі қирады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға салдарынан 9 адам зардап шекті. Олардың екеуі ауыр жағдайда ауруханада жатыр, тағы біріне оқиға орнында реанимациялық көмек көрсетілген. Өртті сөндіруге төтенше жағдай қызметінің 40 қызметкері мен 10 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды.

Жарылысқа байланысты Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жедел штаб отырысын өткізді. Оның айтуынша, құтқарушылар үйінді астын толық тексеріп, ықтимал зардап шеккендерді анықтауы тиіс.

Оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін ведомствоаралық комиссия құрылады. Сонымен қатар, еңбек инспекциясы жазатайым оқиғаны тергейді, ал экология департаменті ауа сапасына тұрақты мониторинг жүргізеді.

Билік өкілдері қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына психологиялық және материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.