Өнер иесі әр қазақтың шаңырағына осындай қуаныш тіледі.
“Әже болдым!”: Ақбота Керімбекова қуанышты жаңалығын жеткізді
Фото: instagram.com/botakerim
99
оқылды

Әнші Ақбота Керімбекова әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалықты жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі былтыр үйленген ұлы сәбилі болғанын айтты. Әншінің айтуынша, бұл – екінші немересі.

«Құлыншағымыз, тәтті немерем өмірге келіп үйімізді сәнге, өмірімізде мәнге бөлеп жатыр. Жаным, Ахантай балам, келінім, үлкен өмірлерің құтты болсын! Бұрын өздерің ерке едіңдер, енді балапандарыңды еркелетесіңдер, өмір деген осы! Әр қазақтың отбасына осындай бақыт тілеймін», - деді әнші.

Өнер иесі қуанышын бөлісіп жатқан жандарға алғыс білдіріп, әр шаңыраққа осындай қуаныш тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.