ҚАТЗУ-де «AMANAT» партиясының белсенділерін марапаттау рәсімі өтті

Іс-шара қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысып, елеулі үлес қосқан партия мүшелерін марапаттауға, сондай-ақ партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттерді салтанатты түрде табыстауға арналды.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Астана қаласы Сарыарқа аудандық «AMANAT» партиясы филиалының бастамасымен «AMANAT: жаңа белестерге бастар жол» атты салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысып, елеулі үлес қосқан партия мүшелерін марапаттауға, сондай-ақ партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттерді салтанатты түрде табыстауға арналды.

Іс-шараның ашылуында партия өкілдері бүгінде «AMANAT» нақты істерге бағытталған, азаматтық бастамаларды қолдайтын, өңірлерді дамытуға, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға және жастарға мүмкіндік беруге ерекше көңіл бөлетін саяси күш екенін атап өтті. Сонымен қатар партияның қоғамдағы өзекті мәселелерді шешудегі және белсенді азаматтарды ел дамуына жұмылдырудағы рөліне баса назар аударылды.

Салтанатты рәсім барысында референдум кезеңінде белсенділік танытқан партия мүшелеріне, сондай-ақ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің бастауыш партия ұйымының белсенділеріне алғыс хаттар табысталды.

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек, Астана қалалық мәслихатының депутаты Бауыржан Смайлов, сондай-ақ ҚАТЗУ Басқарма Төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА академигі, профессор Қанат Тіреуов қатысты.

Рәсім аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» партиясының Төрағасы, Жалпыұлттық коалиция жетекшісі Ерлан Қошановтың атынан алғыс хаттар, сондай-ақ «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының алғыс хаттары табысталды.

Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі «AMANAT» партиясының жаңа мүшелеріне партиялық билеттерді салтанатты түрде тапсыру болды. Партия қатарына қабылданған қатысушыларды құттықтай отырып, партия мүшесі болу – сенім белгісі ғана емес, қоғам мен ел алдындағы үлкен жауапкершілік екені аталып өтті.