Продюсер Баян Мақсатқызы «КешYOU» тобының 20 жылдығына орай шоу-концерт өткізетінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Концерт Алматыдағы Орталық стадионда болады.
Шоу барысында «КешYOU» тобының бұрынғы құрамы да өнер көрсетеді. Продюсер концертке дайындық жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар мерейтойға орай деректі фильм түсірілген. Баян Мақсатқызы билет бағасы қолжетімді болатынын айтты: 5-15 мың теңге аралығында.
Әлеуметтік желіде продюсер концертке шамамен 1 миллиард теңге жұмсап жатқаны жайлы ақпарат тарады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
