Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
2 миллион теңге: Қарағандылық азамат танысының шоттағы ақшасын шешіп алған
133
оқылды

Қарағанды тұрғыны құрбысымен бірге кафеге барғаннан кейін 2 миллионға жуық ақшасынан айырылды, деп хабарлайды  - деп хабарлайды Aikyn.kz

Polisia.kz мәліметінше, оқиға Қарағанды қаласындағы дәмханалардың бірінде болған. 40 және 37 жастағы екі ер адам кафеде ішімдік ішіп,  таныс қыздармен отырған. Артынан есеп айырысу сәтінде олардың қаражатты жетпей қалған. Осы кезде қыздардың бірі көмектесуге ниет білдірген. 

Ақыны төлеуге ұмтылған  35 жастағы әйелдің ақшасын 37 жастағы ер адам сыпырып алған. Ол қолайлы мүмкіндікті пайдаланып, келіншектің банк шотынан қасындағы 40 жастағы танысының шотына 1 млн 900 мың теңге көлемінде қаражатты аударып жіберген. 

Алайда келесі күні таңертең шот иесі банк шотынан ірі көлемдегі қаражаттың жоғалғанын байқап, полиция бөліміне жүгінген.  Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктілерді бірден анықтады. Екі ер адам да өз кінәсін толық мойындады.