Ер адамның көбісі — Алматы қаласы мен Түркістан облысында.
Қазақстанда қанша ер адам тұратыны белгілі болды
www.istockphoto.com
125
оқылды

Қазақстанда ресми түрде 10 миллионнан астам ер адам тұрады,  - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық статистика бюросы Отан қорғаушылар күнінде  еліміздегі ер адамның санын анықтады. Олардың мәліметінше, Қазақстанда 10 044 673 ер адам тұрады. Олардың 56 пайыздан астамы 16-дан 60 жасқа дейінгі аралықта:

0–15 жас - 30,2 пайыз;

16–60 жас - 56,5 пайыз;

61 жас және одан жоғары - 13,3 пайыз.

Ерлердің орташа жасы шамамен 31 жас 1 ай, ал өмір сүру ұзақтығы шамамен 72 жас 2 ай.

Оның ең көбісі саны — Алматы қаласы мен Түркістан облысында. Олардың әрқайсында 1,1 миллион адамнан тұрады. Одан кейін Алматы облысы (806,5 мың) мен Астана қаласы (785,4 мың) орналасқан.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ерлер жұмыспен қамтылған халықтың 51,6%-ы (4,8 миллион адам). Ең жоғары жұмыспен қамтылу өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы және көлік салаларында байқалады.