Мәліметке сәйкес, іздеу жұмысы Меркі ауданында жүргізілген
Жамбыл облысында жоғалып кеткен шопан табылды
www.istockphoto.com
103
оқылды

 Жамбыл облысында жоғалып кеткен 1982 жылы туған шопанды іздеу-құтқару жұмысы аяқталды,  - деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мәліметке сәйкес, іздеу жұмыстары Меркі ауданында жүргізіліп, сәтті аяқталған.

"Азамат 2 мамыр күні Татты ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан құмды аймақтағы қыстақтан мал бағуға шығып, жоғалып кеткен. Іздеу-құтқару операциясына ТЖМ құтқарушылары, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар (ЖАО), орман шаруашылығы мамандары, кинологиялық есептер, ұшқышсыз ұшу аппараттары (БПЛА) және "Қазавиаспас" АҚ авиациясы тартылды", — делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жоғалған азамат табылған жері — із-түзсіз жоғалған орыннан 35 шақырым қашықтағы бір шаруа қожалығының аумағы.