Әнші Бағлан Әбдірайымов «КешRec» бағдарламасында дала жұмысын атқарған кезін еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі бір жұмыстың соңынан жүргенді аса құптамайтынын, жаңашылдыққа жаны құмар екенін айтты. Ол кезінде «Жігіттер» тобының атағы дүркіреп тұрғанда егістікке барып, қауын артқан кезін баяндап берді.
«Әр адамның бойында өзінің күш-қуаты, энергиясы болады. Сол энергия әртүрлі нәрсені жасатқызады. Менің табиғатымда бір жұмыспен баяу қимылдап жүру деген жоқ екен, тәуекелге барғанды, тез қимылдағанды жөн көреді екенмін. Мысалы, Мәскеуге барып қауын саттым. Әнші адамға сол керек пе? 2016 жылы Жақсылық деген досыммен сөйлескенде ол Мәскеуге қауын сатып келгенін айтты. Қанша пайда тапқанын сұрадым. Сөйтіп, мен де баратын болдым. Содан ораза кезінде Жетісайға егістікке барып, жүк көлігіне қауын арттық. Ол кезде дүркіреп тұрған кезіміз. Дихандар көріп таңғалған еді. Үнемі телеарнадан, эфирден көріп жүрген мені ол жерден кездестіреміз деп ойламаған болса керек. Сөйтіп Мәскеуге барып, қауын сатып қайтқанбы. Бұл қызығушылық па, қаражат тапсам деген ниет пе немесе жаңашылдық іздедім бе екен, білмедім», - дейді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
