Дзюдодан Қазақстан құрамасының екі өкілі Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің 1/2 финалына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Екі отандасымыз да 81 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін күреседі.
Жалғас Қайролла ширек финалда молдовалық Виктор Стерпумен кездесіп, қарсыласынан басым түсті.
Сондай-ақ Досхан Жолжақсынов өз ширек финалында ресейлік Егор Сухопаровты жеңді.
Айта кетейік, финалдық кезең 17:00-де басталады.
