Жалғас ақтық сында молдовалық спортшы Петру Пеливанмен күреседі.
Дзюдошы Жалғас Қайролла Grand Slam турнирінің алтын медалі үшін күреседі
93
оқылды

Қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла елордада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алтын медалі үшін күреседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында командаласы Досхан Жолжақсыновтан басым түсті. 

Жалғас ақтық сында молдовалық спортшы Петру Пеливанмен күреседі. 

Ал Досхан Жолжақсынов бразилиялық Дэвид Лимамен қола жүлдені өзара сарапқа салады. 

Сондай-ақ 73 келіге дейінгі салмақта Аңсарбек Ғайнуллин жартылай финалда ресейлік Данил Лаврентьевке жол берді. Енді отандасымыз қола жүлде үшін өтетін белдесуде молдовалық Влад Митрумен күш сынасады.

Айта кетейік, финалдық кезең 17:00-де басталады.