Иран бүгін Пәкістандағы делдал арқылы АҚШ ұсынған «соғысты тоқтату» жөніндегі соңғы мәтінге қатысты өз жауабын жолдаған. Бұл туралы «Тасним» ақпарат агенттігінің мәлімдеді
Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілдері бұған дейін АҚШ ұсыныстарына қатысты Тегеранның ұстанымы мен бағасы зерттеу аяқталып, қорытынды нәтижелер алынғаннан кейін берілетінін бірнеше рет мәлімдеген болатын.
Ұсынылған жоспарға сәйкес, қазіргі кезеңдегі келіссөздер аймақтағы соғысты тоқтатуға бағытталады.
Сонымен қатар Иран президенті Масуд Пезешкиан Тегеранда соғыс салдарынан қираған ғимараттарды қалпына келтіруге жауапты шенеуніктермен кездесті. Ол сөйлеген сөзінде келіссөздер мен диалог туралы әңгіме берілу немесе шегіну емес екенін айтты.
Пезешкианның сөзінше, бұл қадам Иран халқының құқықтары мен ел мүддесін қорғауға бағытталған. Сондай-ақ ол Иран халқы «жау алдында тізе бүкпейтінін» айтып, шабуылдан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін барлық шара жасалып жатқанын жеткізді.
