Сегіз спортшы жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Ал екі спортшы турнирді қола медальмен аяқтады.
Азия чемпионатының алтын жүлдесіне елімізден қанша спортшы бақ сынайды?
www.istockphoto.com
139
оқылды

10 мамырда жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионатының жартылай финал жекпе-жектері аяқталды. енді алтынға сегіз қазақстандық бағын сынайды - деп хабарлайды Аikyn.kz

15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионатының 1/2 финал жекпе-жектерінің нәтижелері

33 келіге дейін: Саят Рахымберді - Шамшод Комилов (Өзбекстан) - 5:0.

35 келіге дейін: Жақсылық Ермекұлы - Рохит Позина (Үндістан) - 5:0.

37 келіге дейін: Сұлтанғали Нұрмахан - Файозбек Норалиев (Өзбекстан) - 0:5.

43 келіге дейін: Бейбарыс Қойшыбай - Адам Магбул (Иордания) - 1-ші раундта техникалық нокаутпен жеңіс.

55 келіге дейін: Нұрислам Бақтыбаев - Харшвардхан Жина (Үндістан) - 5:0.

61 келіге дейін: Рауан Тоғызбай - Чинг-Тиен Ю (Қытай Тайбэйі) - 5:0.

64 келіге дейін: Дінмұхамед Молдахан - Самандар Жұрабоев (Өзбекстан) - 1:4.

67 келіге дейін: Аманжан Жанай - Бобур Ниязов (Өзбекстан) - 4:1.

70 келіге дейін: Аян Бауыржан - Мухаммад Бурханов (Қырғызстан) - 5:0.

70 келіден жоғары: Айбын Мәжит - Зубаир Жұрабаев (Қырғызстан) - 2-ші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.