Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева Астанада концерт өткізеді, – деп жазды Aikyn.kz.
Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жариялады. Өнер иесі өнер жолындағы 50 жылдығына арналған мерейтойлық кешті 27 мамыр күні елордада өткізбек.
«Астана! Кездескенше!» – деп жазды әнші.
Алдағы концерт туралы жаңалық әншінің жанкүйерлері арасында қызу талқыланды. Әлеуметтік желі қолданушылары Роза Рымбаева-ның елордада өнер көрсетуін көптен күткендерін айтып, билет алуға дайындалып жатқанын жазды.
«Роза – ұлттың дауысы», «Бұл тарихи концерт болады», «Біздің аңыз», «Билет алып үлгеру керек» деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
