Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 119 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың 81-іне әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Баласын асыраудан қашатындар 2 жылға дейін сотталуы мүмкін
167
оқылды

Шымкент қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қадағалау органының мәліметінше, сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету аясында алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты бірқатар шара қабылданған.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 119 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың 81-іне әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар балаларын асырау міндетін орындамаған азаматтарға қатысты 29 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оның 22 ісі сотқа жолданған.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде 384 миллион теңге көлемінде алимент өндірілді.

 

Қала прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертті. Аталған бап бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.