Астанада қайталама нарықтағы пәтер бағасы қатарынан екінші ай төмендеп келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, сәуір айында баға наурызбен салыстырғанда 0,4%-ға арзандаған. Ал жаңа тұрғын үйлердің құны өзгеріссіз қалды.
Алматыда, керісінше, тұрғын үй бағасы өсіп жатыр. Сәуірде жаңа пәтерлердің бағасы наурызбен салыстырғанда 1,5%-ға қымбаттаса, қайталама нарықтағы үйлер 2%-ға өскен.
Пәтер жалдау нарығында да айырмашылық байқалады: Астанада жалдау ақысы 0,5%-ға қымбаттаған, ал Алматыда 0,5%-ға арзандаған.
