Түркістан қаласында өтетін Түркі елдерінің саммиті қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, – деп жазды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы дайындық жұмыстары барысынан фото, бейнежазба жариялады.

Саммит барысында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өңірдегі барлық жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді. Арнайы техникалар мен жеке құрам жоғары дайындық деңгейіне келтірілді.

Іс-шара өтетін нысандарда өртке қарсы тексерулер жүргізіліп, эвакуациялық жолдардың дайындығы пысықталды. Сонымен қатар, құтқару бөлімшелері мен медициналық қызметтердің өзара іс-қимыл алгоритмдері нақтыланып, жедел әрекет ету топтары кезекшілікке қойылды.







Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
