Бұл шешім жас спортшылардың денсаулығын сақтау және жарыс жолына дайындығын тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
Енді боксшылар 11 жастан бастап жарыстарға қатысады
Фото: YouTube
103
оқылды

Туризм және спорт министрлігі спорттық резервті даярлау және жоғары дәрежелі спортшыларды іріктеу процесін реттейтін 2014 жылғы 20 қазандағы №42 бұйрыққа түзету енгізгенін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұйрыққа сәйкес, спорт түрлері бойынша спортшылардың жас мөлшеріне қатысты өзгеріс жасалды. 

Бұдан былай боксшылар 11 жастан бастап жарыстарға қатысатыны белгіленді. 

Бұл шешім жас спортшылардың денсаулығын сақтау және жарыс жолына дайындығын тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін боксшылар 13 жастан бастап ресми түрде жарыс алаңына шығу мүмкіндігіне ие еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.