Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанға еліміздегі басты технологиялық хабқа айналуды көздейтін орталықтың әлеуеті таныстырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев екі ел басшыларына музей экспозициясы мен ЖИ-кинотеатрын көрсетіп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы мәлімет берді. 
Сонымен қатар президенттерге Astana Smart City жобасы жөнінде баяндалды.
