Үш күннің қорытындысы бойынша 6 салмақта жүлдегерлердің есімі белгілі болды.
Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
92
оқылды

Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ел чемпионатының ресми бөлігіне федерация президенті Гаджи Гаджиев, Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«Талдықорғандағы ел чемпионатының бәсі жоғары. Себебі, бұл жерде Азия ойындарының жолдамасы сарапқа салынады. Сондықтан көрсеткіштер тіпті Азия чемпионатындағы нәтижелерден жоғары болып жатыр. Жалпы 2024 жылдан бері ауыр атлетикада көрсеткіштер жақсарып келеді. Біз бапкерлер мен спортшыларға барынша жағдай жасадық. Тек көшбасшылар ғана емес, 2-3 нөмірдегі отандастарымызға жақсы көңіл бөлініп келеді. Нәтижесінде әлемде үздіктердің қатарына кіріп жатырмыз», - деді Ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиев. 

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, салтанатты ашылу рәсімінде жақында ғана жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жүлдегерлері атанған Әлихан Әскербай мен Ерасыл Сәулебековке ақшалай сыйақы берілді. 

Айта кетейік, үш күннің қорытындысы бойынша 6 салмақта жүлдегерлердің есімдері белгілі болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.