Айтуынша, әнші жасы келгенде ешкімді қинамай, өз биігінде қалуы керек.
«Сахнадан уақытында кеткен дұрыс...»: Роза Рымбаева жан сырын ақтарды (видео)
Фото: видеодан скрин
123
оқылды

Әнші, Халық әртісі Роза Рымбаева «1001 түн» студиясында қонақта болды, – деп жазды Aikyn.kz.  

Өнер иесі сахнадан уақытында кетуді құптайтынын жеткізді. Айтуынша, әнші жасы келгенде ешкімді қинамай, өз биігінде қалуы керек.

«Сахнадан уақытында кеткен дұрыс қой. Дірілдеп, қалшылдап, бүкірейіп. Сосын елді бұйрықпен жинайды ғой, тіпті автобуспен әкеліп отырғызып қояды ғой. Өйтіп шығудың не керегі бар? Уақытында кетсең, сол деңгейде қаласың көрерменнің алдында. Сол келбетіңмен қаласың. Дірілдеп, не түр, не дауыс жоқ кезде шығудың қажеті бар ма? Кейбір әртістеріміз солай шыққанда «Бекерге осы түрін көрсетті» деп айтамын. Өзіме сын көзбен қарайтын адаммын. Егер дауысым дұрыс шықпай, жағдайым болмай тұрса, уақытында сахнадан кету керек», - деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.