Қазгидромет 15 мамырда ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, тұман, үсік, екпінді жел және шаңды дауыл болады.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде 2 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең батыста тұман түседі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 15–20 м/с-қа жетеді. Шығыста түнде 1 градус үсік жүреді. Петропавлда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Батысы мен солтүстігінде түнде 4 градусқа дейін үсік жүреді. Батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында топырақ бетінде түнде 1 градус үсік күтіледі. Өрт қаупі жоғары деңгейде.
Қарағанды облысында шығыстан соққан желдің екпіні оңтүстікте таңертең және күндіз 15–18 м/с болады. Солтүстігі мен шығысында түнде 2 градус үсік жүреді. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында топырақ бетінде түнде 2 градус үсік болады.
Ұлытау облысында шығыстан соққан желдің екпіні солтүстікте, оңтүстікте және орталықта 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ұлытау облысы мен Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен соққан желдің екпіні батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15–20 м/с болады. Солтүстігі мен шығысында түнде 3 градус үсік жүреді. Орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.
Абай облысының солтүстігінде түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады, оңтүстігінде жаңбыр және найзағай болады. Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысатын желдің екпіні солтүстікте, шығыста және орталықта 15–20 м/с болады. Батысында түнде 2 градус үсік жүреді. Шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде желдің екпіні күндіз 15–18 м/с болады.
Алматы облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз батысында және шығысында 17–22 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Қонаевта желдің екпіні 18 м/с болады.
Жетісу облысының шығысында, орталығында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23–28 м/с болады. Таулы аудандарда түнде 1 градус үсік жүреді. Оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетеді. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде және орталығында күндіз шаңды дауыл көтеріледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні батысында, солтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 23–28 м/с болады. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте желдің екпіні 15–20 м/с болады. Түркістан қаласында күндіз шаңды дауыл соғып, желдің екпіні кей уақытта 23 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл болады. Шығыстан соққан желдің екпіні түнде облыстың шығысында 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, шығысында және орталығында 23–28 м/с болады. Солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл болады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15–20 м/с болады. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Батысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығысында және орталығында күндіз шаңды дауыл көтеріледі. Батыстан және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні солтүстік-шығысында және орталығында 15–20 м/с болады. Солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз 35 градусқа дейін жетеді ыстық болады. Солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15–18 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің екпіні күндіз солтүстікте, оңтүстікте және шығыста 15–20 м/с-қа жетеді. Оралда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15–20 м/с.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
