Әнші Индира Елемес әлеуметтік желіде видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Оның қазіргі келбеті оқырманды бейжай қалдырмады. Көрермен әншінің қатты жүдегенін айтып, «қабырғасын алып тастаған» деген болжам жасаған.
Әнші мұны жоққа шығарды. Алайда сымбатын сақтау үшін операция жасатқанын жасырмады.
"Қабырғаны алдыру деген мен бірінші рет естіп жатырмын. Алайда маған «Қабырғаңды алдырдың, неше қабырғанды алдырдың» деген сұрақтар келіп жатыр. Мен липосакция, әдемі фигураға жеткізген маманға мың алғыс, ішімнен және арқамнан май алынды. Нәтижесі әлі де алда. Қабырғасын алдыртқандар 15 күнде былай жүре ала ма?"- деді әнші.
Желі қолданушылары өнер иесінің бұл әрекетін қолдаса, енді бірі сынға алған.
«Шошып кеттім ғой, түріңе қарап. Біраз болып еді парақшаңды қарамағалы. Қайта өзіңнің қалпың, табиғилығың әдемі еді», «Өзің арық едің ғой», «Тым қатты арықтатып жіберген ғой», «Өмірдің мәні осы ма?» - деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
