Биыл наурызда өткен референдумда қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, астананың мәртебесі, сондай-ақ Қазақстан Халық кеңесін құру, оның құрамын қалыптастыру тәртібі, өкілеттіктері мен қызметін ұйымдастыру конституциялық заңдармен айқындалады. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин аталған заң жобалары жөнінде жазба жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар бірінші оқылымда мынадай Конституциялық заң жобаларын қарады:
- «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»;
- «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы»;
- «Қазақстан Халық кеңесі туралы».
Әкімшілік-аумақтық құрылыс және астананың мәртебесі туралы конституциялық заңдар мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуының орнықты құқықтық негізін қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.
«Қазақстан Халық кеңесі туралы» конституциялық заңның ережелері мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының прогрессивті институционалдық моделін қалыптастыруға, қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу тетіктерін дамытуға арналған. Бұл жаңа Конституцияның 4-бабындағы «халық – мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы» деген нормаға толық сәйкес келеді», - деп атап өтті Ерлан Қарин.
Осылайша, конституциялық реформаны іске асыру жұмысы жүйелі түрде жалғасуда.
