Аймаққа 3,5 миллиард доллар инвестиция тартылды.
Президент: Түркістан облысының экономикасы 9,3 пайызға өсіп, көлемі – 10 миллиард доллар
фото: Akorda.kz
112
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйлеп, Түркістан облысының экономикалық әлеуеті жыл өткен сайын артып келетінін сөз етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Былтыр облыстың экономикасы 9,3 пайызға өсті, оның көлемі 10 миллиард доллардан асты. Аймаққа 3,5 миллиард доллар инвестиция тартылды. Алқалы жиынды осында өткізудің мақсаты – атажұртта бауырлас елдердің көшбасшыларымен жүздесу, қайта түлеген Түркістанды төрткүл дүниеге таныту.  

Біз киелі орданың тарихы қандай терең болса, болашағы да сондай жарқын боларына нық сеніммен қараймыз.   Осы мүмкіндікті пайдаланып, бүгін Түркістанда Өзбекстанның қолдауымен жаңа зәулім мешіт ашылғанын үлкен ризашылықпен атап өткім келеді.  

Ерекше тарту жасағаны үшін Өзбекстан президенті, аса қадірлі Шавкат Миромонұлы Мирзиёевке және өзбек халқына алғысымды білдіремін.   Елдеріміздің руханиятындағы осы мешіттің орны ерекше болмақ. Бұл – қазақ-өзбек халықтары ынтымағының тарихи символы, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.