Екі ұлы үшін мықты болуға тырысатынын жеткізді.
«Жанымды ауыртады...»: Роза Рымбаева өмірдегі ең үлкен өкінішін айтты (видео)
Фото: instagram.com/rozarymbaeva
131
оқылды

Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева отбасы, марқұм жолдасы туралы айтты, – деп жазды  Aikyn.kz.   

Өнер иесі жолдасының өмірден өтуі өміріндегі үлкен өкініш әрі орны толмас қайғы болғанын жеткізді. Сонымен қатар жасы ұлғайған сайын жанында жолдасының жоқтығы қатты сезілетінін жасырмады.

Әнші екі ұлы үшін мықты болуға тырысатынын айтты.

«Жолдасымның өмірден өтуі орны толмас қайғы болды. Әсіресе жаңа жобалар жасағанда қасымда болмағаны жанымды ауыртады. 23 жыл өмір сүрдік, екі бала дүниеге келді. Жолдасым аяқ астынан кетіп қалды... Бұл мен үшін үлкен өкініш әрі орны толмас қайғы. Жасым ұлғайған сайын оның жоқтығы қатты сезіледі. Бірақ екі ұлым, екі қанатым үшін мықты болуға тырысамын. Қазір Әли концерттерімді басқарып, ұйымдастырады», - дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.