Өмірінде өкінетін сәттер көп болғанын мойындады.
«Бәрін кеш түсінгеніме өкінемін...»: Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарып, жылап қалды (видео)
129
оқылды

Актриса, әнші Айгүл Иманбаева Аман Тасығанға берген сұхбатында өмірдегі өкінішін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.   

Өнер иесі ата-анасына ауыр сөздер айтып, ренжіткеніне әлі күнге өкінетінін жеткізді. Айтуынша, мұндай сәттер өмірінде көп болған.

Актриса ата-ананың қадірін кеш түсінгеніне өкінетінін айтып, көз жасына ерік берді.

«Әке-шешені талай ренжіттім. Балалық ренішім бар, әртүрлі орта, өмірдің түрлі кезеңдері болды. Анаға да, бірге тұрмаса да әкеге де талай ауыр сөз айтып, ренжіттім. Қазір әрең жүрген шешемді көріп, «Құдай-ау сол ақыл маған неге ертерек кірмеді?» деп өкінемін... Ата-анасымен ертегідегідей өмір сүріп жатқан балалар бар шығар. Мен олай болмадым. Сондай ренішпен өскеннен кейін шешеме ауыр сөз айтып, тіліп сөйлегенде бірдеңе тындырдым деп ойлайсың. Былай қарасам, жүйке жүйесін өлтіре беріппін. Денсаулығы нашарлауына ықпал еткен балалық әрекеттерім болды. Қазір құлағы естімейді, әрең жүр. Сонда да Астанадан барғанымда таңғы алтыда тұрып, «Қолымнан тамақ ішсін» деп ас әзірлейді. Соның бәрін кеш түсінгеніме өкінемін...», - дейді актриса.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.