Алматы облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласында жалпы құны 148,8 млрд теңгені құрайтын 8 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Қалдықтарды қайта өңдеуге қомақты инвестиция салынады
96
оқылды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының басшысы Димаш Қожабеков мәлімдеді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірде санитарлық тазалау және стихиялық қоқыс үйінді­лерін жоюмен қатар, жеке ин­вестицияларды тарта отырып, қалдықтарды қайта өңдеудің за­ма­науи толыққанды жүйесін қа­­­лыптастыруға басымдық бе­рілу­де. Жоспарланған жобалар қа­­­та­рын­да электр энергиясын өндіретін қоқыс жағу зауытының құрылы­сы, тағам қалдықтарын өңдеу ке­ше­нін іске қосу, қоқысты сұрып­тау кешені мен биоэлектр стан­сасын салу көзделген. Сон­дай-ақ бұл жобалар жүзеге асқан­да 300-ден астам жаңа жұмыс ор­ны ашылады.

Сонымен қатар өңірде қай­та­л­ама шикізатты қайта өңдеу­мен айналысатын бірқатар кәсіп­орын жұмыс істеп тұр. Қа­зір Алматы об­лысында плас­тик, макулатура, шы­ны және тоз­­ған автодөң­ге­лек­терді сұ­рып­­тап, қайта өңдейтін 6 ірі жә­­не бірнеше шағын кәсіп­орын бар. Олар жыл сайын 184 мың тон­­надан астам қалдықты сұ­рып­­тап, қайта өңдейді. 

Атап айтқанда, пластик қал­дықтарын P.T.Z. компаниясы, ма­кулатураны  Kz.Recycling кә­сіп­орны өңдейді. Шыны қалдық­тарын жинау және қайта өңдеу­мен Almaty Steklo мен Qazaq Glass Company айналысады. Ал тоз­ған автодөңгелектерді «Эко Тех­нология» және Urban Core Beverly Hill Group компаниялары қай­та өңдейді.

Бұдан бөлек, өңірде жаңа ин­вестициялық жобалар жү­зеге асырылуда. Urban Core Beverly Hill Group компаниясы түр­лі қал­дықтарды қайта өңдеу өн­­дірісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Жоба­ның құны – 48 млрд тең­­ге. Жаң­ғырту жұмыстарынан кейін кә­сіпорын жылына 40 мың тон­­наға дейін қалдық өңдей алады. 

Еңбекшіқазақ ауданында «Гуан­дун Сучунь» компаниясы құ­ны 3 млрд теңге болатын қоқыс өң­деу зауытын салып жатыр. Сондай-ақ Қарасай ауданында Kaz Waste Conversion компаниясы құны 15,5 млрд теңге болатын қал­дықтарды сұрыптау және қай­та өңдеу кешенінің құрылысын жүргізуде.

«Таза Қазақстан» бағдарлама­сы аясындағы көгалдандыру жә­не экологиялық инфрақұры­лым­ды дамытуға да ерекше көңіл бө­­­­­лінуде. Жыл басынан бері об­лыс­та 103 мыңнан астам ағаш отыр­­ғызылды. Бүгінде өңірде жал­пы аумағы 69 мың гектардан аса­тын 20-дан астам экопарк жұ­мыс істейді. Сонымен қатар эко­ло­гиялық және туристік ай­мақ­тар­ды құру бойынша жаңа жо­­­балар іске асырылуда.

«Таза Қазақстан» бағдар­ла­масы аясында Алматы облысында 2024-2029 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары жү­зеге асырылуда. Жұмыс санитар­лық тазалау, стихиялық қоқыс орындарын жою, қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін дамыту және көгалдандыру сияқты бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде. Эко­ло­гиялық құқықбұзушы­лық­тар­дың алдын алу мақсатында облыс ау­мағында 9 мыңнан астам бей­не­бақылау камерасы орнатылды. Ал 2026 жылы аумақтарды сани­тар­лық тазалауға жергілікті бюд­жет­тен 1,5 млрд теңге бөлінді. Со­­­­нымен қатар өңірде қатты тұр­мыстық қалдықтарды қайта өң­деу саласындағы жаңа инвес­тициялық жобалар іске асырылуда», – деді Алматы облысының тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық және абаттандыру бас­қар­масының басшысы Димаш Қожабеков.