Бейжіңдегі келіссөздер екі сағатқа созылып, онда сауда мәселелері мен Ирандағы жағдай да талқыланғаны айтылды.
Тайвань мәселесі АҚШ пен Қытайды қақтығысқа әкелуі мүмкін
Getty Images
123
оқылды

Си Цзиньпин Бейжіңде өткен кездесуде Дональд Трампқа Тайвань мәселесіне қатысты асығыс әрекеттер АҚШ пен Қытай арасындағы қақтығысқа әкелуі мүмкін екенін ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қытай басшысы Тайвань мәселесі Қытай-АҚШ қатынастарындағы ең маңызды тақырып екенін атап өтті.

«Егер бұл мәселеге дұрыс көзқарас болса, екіжақты қарым-қатынас тұрақты сақталады. Ал қате ұстаным екі ел арасында текетіреске, тіпті қақтығысқа алып келуі мүмкін», – деді Си Цзиньпин.

Оның айтуынша, Тайвань тәуелсіздігі Тайвань бұғазындағы бейбітшілікпен «мүлде үйлеспейді». Сонымен қатар ол Тайвань бұғазындағы тұрақтылық Қытай мен АҚШ арасындағы ең маңызды ортақ мүдде екенін жеткізді.

Бейжіңдегі келіссөздер екі сағатқа созылып, онда сауда мәселелері мен Ирандағы жағдай да талқыланғаны айтылды.

Си Цзиньпин АҚШ пен Қытай «қарсылас емес, серіктес болуы керек» деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол АҚШ-тың Тайваньға қару жеткізуін кейінге қалдыруды немесе қысқартуды қолдайтынын жеткізді.

Келіссөзден кейін Дональд Трамп АҚШ пен Қытайдың «бірлескен тамаша болашағы» бар екенін айтып, Си Цзиньпинді «ұлы көшбасшы» әрі «дос» деп атады. Алайда Тайваньға қатысты мәлімдемелерге пікір білдіруден бас тартты.

Кейін АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент президенттің Тайвань мәселесіне қатысты ұстанымын «алдағы күндері» жариялайтынын мәлімдеді.