Қазіргі таңда Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы және Батыс Қазақстан облысы аумағындағы бірқатар теміржол вокзалдарында құрылыс жұмыстары соңғы кезеңге жетті.
Қазақстанда 20 теміржол вокзалы жаңартылып жатыр
96
оқылды

Қазақстанда теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазіргі таңда Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы және Батыс Қазақстан облысы аумағындағы бірқатар теміржол вокзалдарында құрылыс жұмыстары соңғы кезеңге жетті.

Жақын уақытта кешенді жөндеуден өткен 20 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жобалар жергілікті әкімдіктер мен мердігер ұйымдардың үйлестіруімен жүзеге асырылуда.

Ең жоғары дайындық деңгейі Ақмола облысында тіркелді. Мұнда Макинка, Бурабай курорты, Жақсы және Шортанды станциялары 98% дайын болса, Сарыоба станциясының дайындығы 99%-ға жеткен. Сонымен қатар өңірдегі ірі нысандардың бірі – Көкшетау вокзалының жаңғырту жұмыстары да аяқталуға жақын.

Солтүстік Қазақстан облысында Жаңаесіл, Тайынша және Саумалкөл вокзалдары, Қостанай облысында Аманқарағай, Құсмұрын және Тобыл станцияларының құрылысы соңғы кезеңде тұр. Ал Қызылорда облысында Жаңақорған, Шиелі, Қазалы және Сексеуіл вокзалдары жаңартылуда.

Батыс Қазақстан облысында Қазақстан, Семиглавый Мар және Шыңғырлау станцияларының құрылысы 93–99% аралығында аяқталған. Сонымен қатар Орал қаласындағы ірі теміржол нысандарында жұмыстар жалғасып жатыр.

Жаңғырту аясында вокзал ғимараттары, платформалар, инженерлік желілер мен іргелес аумақтар толық жаңартылады. Сондай-ақ заманауи навигация жүйелері орнатылып, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастырылады.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жолаушыларға жаңа күту залдары, жақсартылған санитарлық жағдай және заманауи қызмет көрсету стандарттарына сай инфрақұрылым ұсынылады.