Президенттің айтқаны жергілікті БАҚ-та жарық көрді
Ердоған Қазақстаннан қайтар жолда ұшақ ішінде бірқатар маңызды мәлімдеме жасады
112
оқылды
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға жасаған сапарынан кейін ұшақта журналистермен кездесіп, өткен келіссөздерге қатысты өз бағасын берді.

Aikyn.kz сайты TRThaber-ге сілтеме жасап, сұхбаттың  негізгі тұстарын ұсынады

  • Режеп Тайип Эрдоған Қазақстанға сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, екі ел арасындағы «Мәңгі достық және кеңейтілген стратегиялық әріптестік декларациясына» қол қойылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар сауда көлемін 15 миллиард долларға дейін жеткізу мақсаты айтылды.
  • Түркия президенті Қазақстан экономикасының соңғы бес жылда тұрақты өсім көрсеткенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда 5500 түрік компаниясы жұмыс істейді, ал түрік мердігерлерінің жобаларының жалпы құны 30 миллиард долларға жеткен.
  • Энергетика саласында Қазақстан мұнайын Баку–Тбилиси–Жейхан құбыры арқылы тасымалдау мәселесіне ерекше назар аударылды. Түркия мен Қазақстан мұнай-газ саласындағы жаңа келісімдерге де қол қойды.
  • Түркістанда өткен Түркітілдес мемлекеттер ұйымының бейресми саммитінде «Түркістан декларациясы» қабылданды. Құжатта цифрландыру, жасанды интеллект және түркі мемлекеттері арасындағы институционалдық интеграцияны күшейту мәселелері қамтылған.
  • Ердоған Израильдің әрекеттері Таяу Шығыстағы шиеленісті күшейтіп отырғанын айтып, аймақта тұрақтылық орнату қажет екенін мәлімдеді. Сонымен қатар Түркия НАТО саммитіне дайындалып жатқанын және жаңа қауіпсіздік архитектурасы талқыланатынын жеткізді.
  • Түркия басшысы елде «терроризмсіз Түркия» идеясын жүзеге асыру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Сондай-ақ жаңа конституция қабылдау қажеттігін атап өтіп, қазіргі заманға сай азаматтық конституция керек екенін мәлімдеді.