2009 жылы туған жасөспірімнің жағдайы нашарлап, тау ауруының белгілері байқалуына байланысты өздігінен төмен түсе алмады
Алматыда 2500 метр биіктіктегі тауға шыққан жасөспірімнің жағдайы нашарлап кетті
ТЖМ
150
оқылды

Алматы тауларында құтқарушылар тау ауруының белгілері бар жасөспірімді эвакуациялады

ТЖМ мәліметінше, Бостандық ауданында, таулы аймақта 2500 метрден астам биіктікте орналасқан Космостанция маңында болған 2009 жылы туған жасөспірімнің жағдайы нашарлап, тау ауруының белгілері байқалуына байланысты өздігінен төмен түсе алмады.

Көмекке Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері жедел жетті. Туристпен байланыс үзілмей, оның геолокациясы анықталды.

ТЖМ қызметкерлері жасөспірімді «Алма-Арасан» экобекетіне дейін эвакуациялады. Төмен түскеннен кейін оның жағдайы жақсарып, тау ауруының белгілері басылды. Медициналық көмек қажет болмағандықтан, ол ары қарай үйіне өздігінен қайтты, - деп жазылған ресми хабарламада