Осыдан кейін ол банктердің, ХҚКО-лардың жұмысы мен жергілікті бюрократияға қатысты эмоциялық видеолар түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.
Алматыда банктер мен ХҚКО-ны сынаған шетел азаматы 10 тәулікке қамалды
120
оқылды

Алматыға банк картасын рәсімдеу үшін келген шетелдік қыз ЖСН мен басқа да құжаттарды алу кезінде қиындықтарға тап болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осыдан кейін ол банктердің, ХҚКО-лардың жұмысы мен жергілікті бюрократияға қатысты эмоцияға толы видеолар түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.

Видеолар желіде тез тарап, қоғам арасында қызу талқылаінды. Көпшілік бойжеткеннің айтқан сөздерін орынсыз әрі қорлайтын деп бағалап, өзге елде жүрген адам жергілікті тәртіп пен заңды құрметтеуі керек екенін жазды.

Полицияның мәліметінше, қызға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалған. Кейін сот оны кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған.