ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауды, ауа райы нашарлаған кезде алыс жол жүруден аулақ болуды және ресми хабарламаларды қадағалауды ұсынады.
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қолайсыз ауа райы күтіледі
Фото: iStock
162
оқылды

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК ақпаратына сілтеме жасап.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының таулы аудандарында және Жетісу облысында жаңбыр жауады деп болжануда.

Қызылорда облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстік-батысында және Қаратау тауларында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысы мен орталығында желдің екпіні секундына 21-24 метрге дейін күшеюі күтіледі.

Таңертең Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болуы мүмкін.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.