Әнші Балжан Бидаш пластикалық ота жасатты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі мұрнына ота жасатқаны туралы әлеуметтік желіде жариялады.
Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін сынға алып, түрлі пікір жазып жатыр.
Ал Балжан Бидаш өзін сынап жатқан оқырманға жауап берді. Ота жасатуына не себеп болғанын білмей тұрып сынға алмау керегін айтты.
"Мені үйретпей-ақ қойыңыздар. Өзіме не жақсы екенін өзім білемін. Сіздер менің бұны неліктен жасағанымды білмейсіздер. Әр адам қалай дұрыс деп тапса, солай өмір сүрсін. Өз жолын өзі таңдасын. Нағыз нәтиже 5-6 айда белгілі болады достар, әлі ісік бар, уайымдамаңыздар.", - деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
