Қарағанды облысында жаңа дәрілер шығарылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Кәсіпорынды кеңейту жөніндегі ауқымды жобаны Үкімет қолдады.
Кәсіпорында дәрілік заттардың 74 атауын шығару жоспарлануда. Оның ішінде онкологиялық, аутоиммунды және орфандық ауруларды емдеуге арналған инновациялық препараттар да бар.

Дамуға инвестициялар 42,5 млрд теңгені құрайды. Жаңа қуаттарды іске қосудың арқасында өңірде 70-ке жуық жұмыс орны құрылады. Жоба импортты алмастыру және елдің дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың бір бөлігі болады.
Инвестициялар туралы тиісті келісімді Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС жасасты.
Үкіметте атап өткендей, бұл Қазақстанның фармацевтика саласындағы ірі инвестициялық бастамалардың бірі.
"Инвестициялық жоба ҚБК өндірістік қуаттылығын жаңғыртуды және ғимараттың орнында жаңа өндірісті құруды қарастырады. Жобаны іске асыру мерзімі алты жылды құрайды", – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
