Алдын ала мәлімет бойынша, жастар арасында жанжал туындаған.
Талдықорғанда футбол матчынан кейін жанжал шығып, 20 жастағы студент қаза тапты
190
оқылды

Талдықорғанда футбол матчынан кейін болған жанжал 20 жастағы студенттің өлімімен аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қайғылы оқиға 7 мамыр күні кешке болған. Марқұм Жәңгір Нұрланұлы достарымен бірге футбол көруге барған. Пәтерде шамамен он шақты адам жиналған, олардың арасында 17 жастағы мектеп оқушысы да болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жастар арасында жанжал туындаған. Біраз уақыттан кейін күдікті Жәңгірді сыртқа шақырып алып, оған бірнеше жерден пышақ жарақатын салған. Ауыр жарақат алған студент оқиға орнында көз жұмды.

Марқұмның анасы оқиға алдында ұлымен бейнеқоңырау арқылы сөйлескенін айтты. Оның сөзінше, Жәңгірдің көңіл күйі жақсы болған және кейін тағы хабарласатынын айтқан.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оған қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.