Солтүстік Қазақстан облысында ауыл әкімі қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қайғылы оқиға Ақжар ауданына қарасты Май ауылдық округінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ауыл әкімі Ерлан Смаилов өз-өзіне қол салған. Оқиға 18 мамыр күні болғаны белгілі.
Марқұм Май ауылдық округінің әкімі қызметіне биылғы 17 ақпанда ғана тағайындалған. Бұған дейін ол «Майское-Агро» серіктестігінде директордың орынбасары болып жұмыс істеген.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
