Түрлі дене жарақатын алған балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Белгілі болғандай, оқиға кезінде үйде ересектер болмаған.
Қарағанды облысында қараусыз қалған екі бала терезеден құлады
197
оқылды

Қарағанды облысында балалардың терезеден құлауына байланысты тағы бір қайғылы жағдай тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2021 және 2024 жылы туған екі ұл бала ересектердің қарауынсыз қалып, бесқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.

Түрлі дене жарақатын алған балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Белгілі болғандай, оқиға кезінде үйде ересектер болмаған.

Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері Қарағанды облысында балалардың терезеден құлауына қатысты 10 жағдай тіркелген.

Өңірлік ТЖД ата-аналарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. Құтқарушылар масаға қарсы торлар баланы ұстап қала алмайтынын ескертіп, терезелерге арнайы бекіткіштер орнатуға, терезе маңындағы жиһаздарды алыстатуға және балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес берді.