Бұл жолы Баутин ауылы маңындағы «Асан» және «Каса» аймақтарының арасындағы жағалаудан 35 итбалықтың және бекіре тұқымдас балықтардың өлексесі анықталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Облыстық Экология департаментінің мәліметінше, 19 мамыр күні жануарлар дүниесін қорғау қызметінің инспекторлары аталған аумақта тексеру жүргізген. Осыған байланысты Экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары теңіз суынан сынама алып, зерттеу жұмыстарын бастаған. Сараптама нәтижелері кейінірек жарияланады.
Айта кетейік, бұған дейін 10-11 мамыр күндері Түпқараған ауданындағы Баутин ауылы жағалауынан 37 өлі итбалық табылған болатын. Сол кезде де теңіз суынан сынамалар алынған еді.
