474 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Маңғыстауда экологиялық заң бұзған компанияға 474 миллион теңге айыппұл салынды
221
оқылды

Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасымен экологиялық заңнаманың елеулі бұзушылықтары анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Атап айтқанда, «Buzachi Operating Ltd» компаниясының филиалы бұрғылау жұмыстарын жүргізу барысында қауіпті қалдықтарды жинақтау лимитін айтарлықтай арттырған (бұрғылау қалдықтарының көлемі 513,2 тоннаға артық болған).

Прокуратура актісінің негізінде аталған компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 6-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 474 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.