Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың бастамасымен өткен экологиялық акцияға қоғам белсенділері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар мен еріктілер қатысты.
Қарағандыда «AMANAT» партиясының қолдауымен жаңа экологиялық саябаққа көшет отырғызылады
85
оқылды

Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс аумағы мен «Көгілдір тоғандар» шағын ауданы аралығында жаңа экосаябақтың іргесі қаланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында мұнда алғашқы көшеттер отырғызылып, ауқымды көгалдандыру жұмыстары басталды.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың бастамасымен өткен экологиялық акцияға қоғам белсенділері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар мен еріктілер қатысты. Игі шара барысында болашақ саябақ аумағына 2 мыңға жуық емен, қарағай және терек көшеттері егілді. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» естелік тасы орнатылды.

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында қолға алынған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тек қарапайым саябақ емес, болашақ ұрпаққа арналған жасыл инвестиция.

«Бұл – Арқаның ажарын ашатын, тұрғындардың демалысы мен отбасылық уақыт өткізуіне арналған жаңа қоғамдық кеңістік. Әр отырғызылған көшет – келешекке қалдырылған аманат», – дейді акцияға қатысушылар.

«AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалы бастаманы қолдап, 23 мамыр күні экосаябақты көгалдандыруға арналған кезекті акция өткізетінін хабарлады. Шара барысында жүздеген түп ағаш пен жеміс көшеттері отырғызылмақ.

Экологиялық акция 23 мамыр күні сағат 10:00-де Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданындағы «Көгілдір тоғандар» шағын ауданында өтеді.

Ұйымдастырушылар барша қарағандылықтарды ортақ іске белсенді қатысуға шақырып отыр.