Президент Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісоваға Ақордада өткен салтанатты жиында ІІ дәрежелі «Барыс» орденін табыстады, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші Ақордаға алғаш рет келгенін айтты. Сонымен қатар Президентке өзінің әндері жазылған үнтаспаны сыйға тартты.
Мақпал Жүнісова кейінгі 25 жылда мемлекет тарапынан алғаш рет марапат алып отырғанын жеткізді.
Қуанышқа бөленген әнші қарапайым болмысымен әлеуметтік желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
