Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі Анар Әділова Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күні қарсаңында пәтер кілтін алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақордада өткен жиында эмоциясын жасыра алмаған ол Алматыдан медаль аламын деп келген. Бірақ Астанада оны басқа сыйлық күтіп тұрды.
Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында актриса бұл өзіне тосынсый болғанын айтты.
«Түсім сияқты. Орден, марапат аламын деп келіп, үй алдым. Алғыстан басқа айтарым жоқ. Өте ризамын. Мәдениетіміз әлемдік деңгейде өркендей берсін дегім келеді», - дейді Анар Әділова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
