Астанада Тәуелсіздік даңғылының Ш.Қалдаяқов көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралығында жол төсеміне жөндеу жүргізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты 22-23 мамыр күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Сонымен қатар 22 мамыр күні сағат 21:00-ден 23 мамыр күні сағат 08:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы мен Ш.Қалдаяқов көшесінің қиылысы толық жабылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
