Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тыл еңбеккері Виктор Лахтинді 93 жылдығымен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Іс-шара барысында әскери қызметшілер ардагердің үйіне барып, шын жүректен тілектерін арнап, естелік сыйлықтар табыс етті. Кездесу барысында Виктор Прохорович өзінің өмір жолы мен еңбек жылдары туралы естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа батасын берді.
Әскери бөлім өкілдерінің айтуынша, ардагерлерге құрмет көрсету жастарды патриоттық тәрбиелеудің және ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың маңызды бөлігі болып табылады. Тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегі және олардың ел дамуына қосқан үлесі әрқашан жоғары бағаланады және ұмытылмайды.
Өз кезегінде Виктор Прохорович ұландықтарға көрсеткен ықыласы мен қамқорлығы үшін алғыс білдіріп, оларға зор денсаулық, отбасыларына амандық және қызметте табыс тіледі.
