Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің бірқатар өңірінде құрбан шалу рәсімін өткізетін арнайы орындар анықталғанын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Астана қаласында құрбан шалу рәсімі «Жайлау», «Баракат», «Шанхай», «Шопан ата» мал базарларында жүзеге асырылады.
Алматы қаласында құрбандық «Жұлдыз» мал базарында шалынады.
Шымкент қаласында «Бозар» елді мекеніндегі «Халал қасапханасы» белгіленді.
Абай облысы, Семей қаласында – Космонавт 1 мекенжайындағы Семей-Алматы трассасы 7/1 орыны.
Ақмола облысы бойынша – «Бижан ет өңдеу» мал базары (20-шы проезд, 18).
Ақтөбе қаласында құрбандық шалынатын орын: АӨК «Айбек»- 41 разъезд 06, ЖШС «Дала ел»- Учетный квартал 178, участок 14, ЖШС «Кайрат 2024»- Жанақоныс 640 мал сою алаңдарында ұйымдастырылады.
Алматы облысында құрбандық Қонаев қаласындағы «Қарлығаш» базарында өтеді.
Атырау облысында – Сәтбаев көшесі, 15 мекенжайындағы Орталық мешіт аумағы.
Батыс Қазақстан облысында – Ел ырысы мал базары қасапханасы Сырым Датов көшесі 41А, Батыс Адал ет қасапханасы Вторая молодёжная, көшесі 1/6 Кублей қасапханасы Рыбкомбинат көшесі 55/1 мекенжайындағы арнайы орындар.
Жамбыл облысы, Тараз қаласында – «Байданов» және «Рамазан» базарлары.
Жетісу облысында – 3-ші бөлімше, Қадырғали Жалайри 2В мекенжайы.
Қарағанды облысында – Резник 18, Гоголь 2/23 және Сейфуллин 53 мекенжайларындағы мал сою орындары.
Қостанай облысында – «Амиго» мал базары.
Қызылорда облысында – «KZO ET» мал сою алаңы (Көкжиде станциясы, 56).
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында – Өндірістік аймақ 3, 29А құрылысы.
Павлодар облысында – «Құлагер» ипподромы.
Солтүстік Қазақстан облысында – Жұмысшы кентіндегі мал базары.
Түркістан облысында – Облыстық орталық мешіт аумағы (Рабиға Сұлтан, 24б).
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында – «Құлжанов» және «Рыбачий» мал базарлары.
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен өңірінде – «Атығай асуы» құрбан шалу орны.
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін қашықтан (онлайн) өткізуге арналған qurban.muftyat.kz платформасын іске қосты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
